Қазақстан бойынша тегін жеткізу
  • Ру
  • Kz
(0) корзина (0)

Ең нәзік теріге арналған француз косметикасы

2010 жылдан бері — сіздің және балаларыңыздың өмірінде.

Теріден теріге — ең маңыздыны жеткізу.

Болашақ ана, нәресте және бүкіл отбасы үшін қажеттінің бәрі.

Нәресте мен балалардың сезімтал және жұқа терісіне арнайы жасалған.

Таза және вегандық формула.

100%-ға дейін табиғи текті ингредиенттер.

Сезімтал текстуралар, массажға тамаша сәйкес келеді.

SKINHAPTICS оқытуларында, серіктес спа-салондарында немесе үйіңізде көріңіз.

Әйел биохимик негізін қалаған.

Францияда өндірілген.

Бүкіл отбасыға арналған күтім

Массаж мектебі

Массаж өнерін меңгеріңіз. Біздің оқыту бағдарламаларымызбен танысыңыз.

Көбірек білу

Пікірлер

Skinhaptics өнімдеріне, атап айтқанда, көбік мен кремге шынайы пікір жазғым келеді. Өте табиғи, жағымды текстуралы, артық иісі жоқ, жұмсақ және жабысқақ емес. Көбікпен жуғаннан кейін тері тартылмайды, таза әрі жұмсақ сезіледі. Атопиялық дерматиті бар қызым да қолданады, және ақыры разы болдық, өйткені оған умывалка мен крем табу өте қиын болды. Крем өте жағымды, майлы сезім қалдырмайды, бірақ теріні толық ылғалдандырады 💯

Гаухар

Терім жамандай құрғап жүр, әсіресе аяз күндері қатты құрғайды. Қышып, түнде кейде әзер ұйықтаймын. Молочконы жаға бастадым, бірақ тез құрғап кете берді. Кеше молынан жақтым, бүгін жақсы ұйықтадым.

Баян

1,5 ай бұрын Skinhaptics Құнды майын алған едім. Маған өте ұнады, жұмсақ, бетке тез сіңеді, кремге де қосып қолдандым. Бетім жұп-жұмсақ болып, ұсақ әжімдер кете бастады. Өте ризамын, тағы да алам деп жүрмін. Үлкен рахмет!

Қаламқас

Skinhaptics косметикасын жарты жыл пайдаланып жүрмін, өте қуанамын 🤩 Аллергия, бөртпе, тітіркену тудырмайды, теріні тартпайды.

Пенка мен скраб жұмсақ тазартады, мұрындағы қара нүктелерден арылтып (менің басты мәселем еді), маска теріні тыныштандырып, түсін түзетеді. Сыворотка мен крем — менің шын сүйікті өнімдерім, теріні керемет ылғалдандырып, серпімділігін және жас көрінісін сақтайды.

Барлық өнімнің құрамында тек табиғи заттар бар — бұл 💯 әркімге лайықты косметика. Әрине ұсынамын, өкінбейсіздер.

Динара

Крем де, душқа арналған гель де – керемет өнімдер! Қолданғаннан кейін тері жұмсақ, ылғалға толы әрі тірілгендей болады. Астананың суы қатты болғандықтан, терінің құрғауы – үлкен мәселе, ал сіздердің өнімдеріңіз – нағыз құтқарушы. Олар жай ғана күтім емес, теріні қалпына келтіріп, қорғап тұрады. Сапаларыңыз бен қамқорлықтарыңыз үшін үлкен рақмет – енді күн сайынғы күтім нағыз ләззатқа айналды.

Меруерт

Skinhaptics гель мен майын алдым. Қызым 2 жаста, атопиялық дерматиті бар, сондықтан сапалы күтім бірінші орында. Жарты жыл бойы шомылдыруға тек гельді қолданамыз, бір құтыда душ гелі мен шампунь 👍🏻, жұмсақ тазартады, жағымды иісі бар, артық ештеңесі жоқ, жеңіл көпіршік.

Ваннадан кейін тері ылғалданған, құрғақ емес.

Содан кейін денеге май жағамыз.

Майды туғаннан бастап қолдануға болады! Өте жағымды, иісі жеңіл, балаларға массаж жасауға мінсіз келеді.

Әсіресе аяқ-қолдарына жағамын, өйткені сол жерде ең көп тітіркену болды.

Skinhaptics өнімдерін қолданғаннан кейін тері жақсарып, қышуы кетеді, жұмсақ болады және тітіркену өтеді.

Алыңыздар, балаларға да, ересектерге де жарайды!

Айдана

Жиі қойылатын сұрақтар

Қосымша сұрақтар болса, бізбен хабарласыңыз

Skinhaptics — бұл жай ғана май емес. Бұл — биохимик жасаған, қауіпсіздігі дәлелденген, дерматологиялық тесттен өткен толыққанды күтім өнімі. Формулалар минималистік, бірақ жоғары сапалы ингредиенттерден тұрады және тек күтім емес, ана мен бала арасындағы байланысқа да әсер етеді. Яғни сіз тек өнім емес, сапа мен сенімділік сатып аласыз.

Иә, құрамдары барынша таза және сезімтал теріге бейімделген. Өнімдер гипоаллергенді, артық қоспаларсыз жасалған және дерматологиялық бақылаудан өткен. Сәбилер мен сезімтал тері үшін қауіпсіз қолдануға болады.

Skinhaptics — Францияда жасалған бренд, оны биохимик әйел негізін қалаған. Бренд Еуропада кәсіби мамандар арасында (массаж терапевттері, перинатал мамандар) кеңінен қолданылады. Қазақстанда бұл — жаңа, бірақ дәл осы себепті сіз трендтің басында боласыз.

Иә, нәтиже сезіледі: тері жұмсарады, ылғалданады, тартылу сезімі азаяды. Бірақ ең бастысы — қолдану процесінің өзі: массаж бен жанасу арқылы сіз тынышталып, балаңызбен байланысты күшейтесіз. Бұл — тек визуалды емес, сезілетін нәтиже.

Формулалар әмбебап етіп жасалған: олар нәзік, бірақ тиімді. Сондықтан бір өнімді сәбиге де, анаға да, бүкіл отбасыға қолдануға болады. Бұл — артық өнім алмай, саналы түрде күтім жасаудың заманауи тәсілі.